Дастан Сатпаевтың «Бернлиде» қарсыласы пайда болды
© Сурет: Instagram/d.satpayev
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың англиялық "Бернли" клубында жаңа қарсыласы пайда болды. Клуб бұрын Англия құрамасында өнер көрсеткен шабуылшы Джейми Вардиды қатарға қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz спорттық басылымының мәліметінше, қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев "Бернлидегі" негізгі құрамдағы орын үшін елеулі бәсекелеске ие болды.
Ағылшын клубы тәжірибелі шабуылшы Джейми Вардиды командаға алғанын ресми түрде жариялады. Ол 2026/27 маусымының соңына дейін келісімшартқа отырды.
39 жастағы ағылшын футболшысы өткен маусымды Италияның "Кремонезе" клубында өткізгеннен кейін "Бернлиге" қосылды.
Варди өз буынындағы ең танымал шабуылшылардың бірі саналады. Оның тәжірибесі жаңа маусымды сәтсіз бастаған "Бернлиге" көмектесуі мүмкін. "Бернли" бас бапкері Ники Хайен жаңа ойыншының кәсіби қасиеттерін жоғары бағалады.
18 жастағы Сәтпаев үшін мұндай атақты шабуылшының келуі негізгі құрамдағы орын үшін бәсекені күшейтеді. Сонымен қатар, бұл оған соңғы жылдардағы ағылшын футболының үздік шабуылшыларының бірінен тәжірибе үйренуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Дастан Сатпаевтың Чемпионшипте "Мидлсброға" қарсы матчтың үздік ойыншысы атанғаны туралы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:04, 7 қыркүйек 2026
Таиландта 2000 жыл бұрынғы жұмбақ жазуы бар алтын сақина табылды
-
11:53, 7 қыркүйек 2026
Boeing ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті: бес адам қаза тапты
-
11:42, 7 қыркүйек 2026
Кабардин-Балқария тауында қар көшкіні жүріп, 10 альпинисті басып қалды
-
11:34, 7 қыркүйек 2026
Арина Соболенко US Open 2026 турнирінің ширек финалына шықты
-
11:26, 7 қыркүйек 2026
Бір тапсырыс үшін 4,5 млн теңге алып, ізім-ғайым жоғалған: Астанада әлеуметтік желідегі алаяқтар сотталды





