Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болды

09:05, 6 қаңтар 2025

© Сурет: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2025 жылғы 6 қаңтарда Дархан Сатыбалдыны Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжатты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады:

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Сондай-ақ оның Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылғаны айтылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!