Д.Абаев: Суицид туралы жаңалықтардың өзектілігі өз-өзіне қол жұмсау санының өсуіне әкеледі

14:52, 8 ақпан 2017

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің желідегі парақшасында жасөспірімдерді суицидке итермелейтін виртуалды ойын туралы пікірін білдірді.

«Бүгінгі күні қоғамда жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін виртуалды ойындарға қатысуға шақыру туралы ақпарат кеңінен талқыланып жатыр. Бұл әрине, дұрыс, өйткені ең маңыздысы – балалардың қауіпсіздігі. Алайда біз олардың БАҚ-та әр айтылып, жазылғаны – бүлдіргіш қоғамдастықтардың жарнамасы екенін есте сақтауымыз керек. Суицид туралы жаңалықтардың өзектілігі мен жұрттың дүрлігуі балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау санының өсуіне әкелетін «Вертер әсеріне» әкелетінін ұмытпауымыз қажет. Біздің министрлік суицидтік бағыттағы топтарды анықтау мақсатында әлеуметтік медиа мониторингін тұрақты түрде жүргізіп отыр. Осындай қоғамдастықтарды жедел түрде жою мәселелері бойынша әлеуметтік желі иесімен байланысқа шықтық. Нәтижесінде соңғы жылдары осындай контенттегі жүздеген топтар жойылды. ҚР ІІМ мәліметтері бойынша 2016 жылы елімізде кәмелетке толмағандарды өз-өзіне қол жұмсауға дейін итермелеу фактілері бойынша 9 қылмыстық іс тергелді. Алайда әлеуметтік желілер мен топтардың олардың жүріс-тұрысына қалай әсер ететіні туралы ақпарат алынған жоқ. Сонымен қатар министр Ресейде былтыр қоғамдық дүрлігу салдарынан көптеген суицид фактілерін осы квестке жатқыза салғандығын туралы атап өтті. Алайда тергеу барысында өз-өзіне қол жұмсағандардың ондай топтарда болмағаны анықталды. «Қандай жағдай болмасын әлеуметтік жауыздықпен мемлекет, білім беру мекемелері, ата-аналар мен қоғам бірігіп күресуі керек. Сондықтан біз бұл мәселеге бей-жай қарамайтындарды күдікті әлеуметтік топтарды анықтаған жағдайда http://mic.gov.kz/ru/complain сілтемеге шағым жіберулерін сұраймыз».

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!