COVID-2019: Алматыда Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері қайтыс болды

14:37, 16 мамыр 2020

Алматыда Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Марқұм ауруханада лифтер болып жұмыс істеген. 16 мамырда науқастан ПТР тексеруге алынған анализі оң нәтижесі берді, әйел бірден жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Науқас жан сақтау бөлімінде COVID-2019 короновирус инфекциясын диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес толықтай ем қабылдады, деп хабарлайды қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы.

Қарқынды жүргізілген терапия еміне қарамастан, науқастың көптеген ағза мүшелері жұмысының бұзылу белгілері үдей берді.

Қазіргі уақытта кісі өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия қажетті шараларды қабылдауда, соның нәтижесі бойынша өлімнің негізгі себептері туралы қосымша ақпарат беріледі.

Сәуір айында Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының 147 дәрігерінен коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!