Цифрлық үкіметке қандай инфрақұрылым нысандары енгізілді
© Фото: pixabay
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы бұйрығымен "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым нысандарының тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған тізбеге мынадай цифрлық жүйелер енгізілген:
Цифрлық жүйелер:
- "Цифрлық үкімет" веб-порталы;
- "Цифрлық үкімет" шлюзі;
- "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы;
- "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы;
- "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы;
- "Цифрлық үкіметтің төлем шлюзі";
- "Мекенжай тіркелімі";
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі;
- "АХАЖ" цифрлық жүйесі;
- "Жылжымалы мүлік тізілімі";
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мобильді кеңсесі";
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық эталондық бақылау банкі;
- "Мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған цифрлық жүйесі;
- "Мобильді үкімет";
- "ASHYQ" платформасының бағдарламалық қамтамасыз етуі;
- "Е-өтініш" цифрлық жүйесі;
- "Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты";
- "Е-қызмет" персоналды басқарудың интеграцияланған цифрлық жүйесі;
- "Е-заң көмегі" бірыңғай цифрлық құқықтық көмек жүйесі;
- "Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе";
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасының есептік-бақылау маркаларын және өзге де баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру жүйесі;
- "Е-КТРМ" техникалық реттеу цифрлық жүйесі;
- "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры";
- Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау және сақтау жүйесі;
- Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстар жағдайы туралы ұлттық деректер банкі;
- Қазақстан Республикасының түбірлік куәландырушы орталығы;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы;
- Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы;
- Қазақстан Республикасының сенімді үшінші тарабы.
Бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:21, 20 наурыз 2026
Астанада айып тұрағын ақылы ету шешімін депутат түсіндірді
-
11:09, 20 наурыз 2026
Мерекелік демалыс күндері Роза Рымбаеваның концертінің теленұсқасы көрерменге жол тартпақ
-
10:56, 20 наурыз 2026
Астана ауруханасында көз жұмған жасөспірімнің ісі сотта қаралып жатыр
-
10:45, 20 наурыз 2026
Қостанайлық бұрынғы әйелін атып өлтірді
-
10:38, 20 наурыз 2026
Алматы тұрғыны терроризмге қатысқаны үшін 8 жылға сотталды – ҰҚК деректері





