Цифрлық даму вице-министрі Абылайхан Оспанов қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Абылайхан Есенұлы Оспанов берген өтінішіне сәйкес, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Абылайхан Оспанов 1986 жылы 16 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Әр жылдары "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының республикалық штабында, түрлі коммерциялық ұйымдарда, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, ішкі істер, байланыс және ақпарат, көлік және коммуникациялар, инвестициялар және даму министрліктерінде, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінде, "Nur Otan" партиясы орталық аппаратының қабылдауында, "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ жұмыс істеді.
2017-2019 жылдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ басқарма төрағасы болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады