Чехия командасымен болған ойында Роналдудың мұрны бұзылды

14:48, 25 қыркүйек 2022

© Сурет: Intsagram/cristiano

Прагада Ұлттар Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында Чехия өз алаңында Португалияны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чехия құрамасымен кездесуі кезінде Криштиану Роналдудың мұрнынан қан кетті деп хабарлайды Sports.ru.

Бірінші таймның 20-сыншы минутында 37 жастағы шабуылдаушы қақпашы Томаш Вацликпен соқтығысып, мұрнын бұзды.

Роналдудың мұрнынан қан кетті. Ұлттық құраманың дәрігерлері бірден көмекке жетіп, қанды тоқтатты, футболшының мұрнына жапсырма (пластырь) жабыстырды.

Бұдан кейін Роналду ойынды ары қарай жалғастырды, ал біраз уақыттан кейін жапсырманы алып тастады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!