Былтыр жоғалған ер адам БҚО-да өлі күйінде табылды

10:01, 25 сәуір 2018

Батыс Қазақстан облысынан 2017 жылдың 18 қарашасында жоғалған 33 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Талдықұдық ауылдық округі Қазтал ауданынан ер адам мал іздеп көлікпен шығып, кейін қайтып оралмаған. 22 сәуір күні оның мәйіті Талдықұдық ауылынан 5-6 км қашықтықта орналасқан Киров-Чижин каналынан табылды.

«24 сәуір күні жерлеу рәсімі өтті. Ол жоғалған кезде іздестіру шаралары қолға алынғанын айтып өткім келеді. Ай соңына қарай іздестіру жұмыстары тоқтатылды. Аталған жұмыстарға жергілікті тұрғындар ғана емес, сүңгуірлер де атсалысқан болатын», - дейді Қазтал аудан аппараты басшы қызметін орындаушы Жандос Дүйсенғалиев.

Сондай-ақ, ол азаматтың суға батып өлген болуы мүмкін екенін айтып өтті. Басылым марқұмның мүрдесін судмедэкспертизаға жіберуге мүмкіндік болмағанын жазды. Себебі арада көп уақыт өтіп кеткен. Сараптама оқиға орнында жүргізілді, әзірге нәтижелері белгісіз.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!