Бұрынғы қазақстандық Ресейге қудаланды, енді ол бес жыл бойы елге орала алмайды

14:54, 15 қазан 2024

© Сурет: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысында қос азаматтығы бар әйел анықталды. Оған құқық бұзғаны үшін 5 жыл ішінде ел аумағына кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД ақпаратынша, Ұзынкөл ауданында көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, 24 жастағы Қазақстан азаматының қос азаматтығы дерегін анықтады.

"Шекарадан өту кезінде, мемлекеттік өткізу пунктіндегі тексеру барысында ол 2024 жылдың шілдесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны анықталды, бірақ бұл туралы мүдделі мемлекеттік органдарға белгіленген мерзімде – 30 күн ішінде хабарламаған. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасына кіруге тыйым сала отырып, елден шығару түріндегі жаза тағайындады",- деп хабарлады полиция.

Жыл басынан бері ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдаланғаны үшін, сондай-ақ шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін 40-тан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдаланғаны үшін 100 АЕК (369200 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделген.Ал ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін –200 АЕК (738400 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе елден тысқары жерге әкімшілік шығарып жіберу көзделген".Қостанай ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін 23 млн теңгеге автокөлік сатып алған Қостанай әкімі бұл қадамға не үшін барғандығын түсіндірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!