«Бұршақ аралас жаңбыр жауады». Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: pixabay
"Қазгидромет" алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамымен бөлісті. Синоптиктер келесі аптада оңтүстік астанада бұршақ аралас қатты жауын-шашын болып, қатты жел тұратынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалдарының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев 6-12 сәуір аралығында қалада қандай ауа райы болатынын айтты. Метеорологтардың айтуынша, найзағай кезінде соққан желдің екпіні 25 м/с дейін жетеді, ал күндіз ең жоғары дегенде сынап бағаны +22°С дейін көтеріледі, ал түнде: +11°С.
6 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, арасында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +19...+21°С.
7 сәуір: аспан бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, арасында найзағай ойнайды, қатты жел тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз +15...+17°С.
8 сәуір: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +20...+22°С.
9 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, арасында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегісі - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +9...+11°С, күндіз: +15...+17°С.
10 сәуір: аспан бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +7...+9°С, күндіз: +17...+19°С.
11 сәуір: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады. Батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +19...+21°С.
12 сәуір: аспан бұлтты, бұршақ аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел тұрады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 5-10 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +5...+7°С, күндіз: +13...+15°С.
Бұған дейін синоптиктер елімізде күн күрт суытып, қатты жаңбыр жауатынын ескерткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі
-
12:17, 19 желтоқсан 2025
Ресейлік туристке Таиландқа шамамен 100 жылға кіруге тыйым салынды
-
12:17, 19 желтоқсан 2025
Иранда «ақырзаманның бір белгісі» көрінді - бейнежазба
-
11:52, 19 желтоқсан 2025
WTA барлық санаттағы жылдың үздік турнирлерін атады





