Бүгіннен бастап елордада сауда үйлері мен моншалар жұмысқа кірісті

09:35, 20 мамыр 2020

Бүгіннен бастап елордада сауда орталықтары, монша мен сауналар ашылады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Әрине, адамдар арнайы сақтандыру шарасын мұқият ұстануы тиіс. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы қызметін қайта бастайтын нысандарға қойылатын талаптар жайынан хабардар етті.

Мысалы, сауда бутиктеріндегі сатып алушылардың саны 5-тен аспауы тиіс. Кезекте тұрғанда касса маңында, сауда аймағында және киім өлшеу бөлмелерінде тұтынушылар арасында кемінде 2 метр алшақтық белгілері болуы қажет.

Бассейні жоқ моншалар мен сауналардың жұмыс кестесі 9:00-ден 18:00-ге дейін деп бекітілді. Әрі мұнда халық алдын ала жазылу бойынша ғана келе алады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!