Бүгін – «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күні
© Сурет: Twitter.com//kazgeo_kz
15 сәуірде Қазақстанда ғашық жандар соңғы жылдары өз "Ұлттық ғашықтар күнін" мерекелейді. Ол 14 ақпан - Валентин күнінің баламасы ретінде 2011 жылы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мереке жастай ғашық болып, соңы трагедиямен аяқталған махаббатты баяндайтын қазақ аңызының кейіпкерлері - Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу атымен аталады.
Қос жас дүниеге келгенге дейін атастырылып қойған еді. Арадағы достықты нығайта түсу үшін Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың әкелері болашақта балаларының үйленгенін қалайды. Алайда, тағдыр жазуы басқаша болады.
Қозы Көрпештің әкесі аң аулап жүргенде қаза табады. Баян Сұлу есейген соң, әкесі оны басқа жігіт - батыр Қодарға ұзату туралы шешім қабылдайды. Бірақ қыздың бар көңілі Қозы Көрпеште еді.
Махаббат оқиғасы соңында қайғылы жағдаймен аяұталады: Қодар бақталасын өлтіреді. Ал Баян Сұлу кек алу үшін Қодарды құдыққа көмеді.
Ел аузынан тараған аңыздағы ғашықтар Шығыс Қазақстан облысындағы Таңсық ауылының маңында жерленіп, кесенесі көтерілген. 1982 жылы құлпытас тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне еніп, оны мемлекет қорғауына алды.
2013 жылы Аягөз қаласында (Қазақстанның шығыс өңірі) екі ғашықтың құрметіне ескерткіш орнатылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:12, 18 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің концерті қазақстандық телеарнадан көрсетілді
-
12:08, 18 желтоқсан 2025
Үндістанда бұралқы иттер көшеде қалған тастанды сәбиді талап өлтірген
-
11:47, 18 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді
-
11:21, 18 желтоқсан 2025
Жоғалып кеткен ұшақ 13 жылдан кейін Үндістанда табылды
-
11:17, 18 желтоқсан 2025
Мәскеуде үйде толғатқан әйелдің шақалағы дүниеге келісімен шетінеп кетті - босандырған әйел қамауға алынды





