Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі

09:35, 20 сәуір 2018

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі, екпінді жел соғады, әсіресе оңтүстік өңірде шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с-ке жетуі мүмкін, тұман түседі.

Павлодар, Маңғыстау, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжанады.

Ақмола, Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с болады.

Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжанады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!