Бразилия Илон Маскқа тиесілі компаниялардың шоттарын бұғаттан босатты

11:13, 15 қыркүйек 2024

© Сурет: Х/alt_coiners

13 қыркүйекте Илон Масктың екі компаниясының банктік шоттарын Бразилия бұғаттан босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бразилияның жоғарғы судьясы Starlink және H шоттарын бұғаттан босатты, ол үшін Маск 3 миллион доллар айыппұл төлеген. Бұл туралы Axios жазады.

Алайда компаниялардың активтерін бұғаттан босату Х әлеуметтік желісінің қолданушылары жағдайына еш әсер етпеді, Бразилия тұрғындары үшін желі әлі де қолжетімсіз.

Алдында Бразилия Жоғарғы сотының судьясы Алешандре де Моралес америкалық кәсіпкер Илон Масктың Starlink Holding компаниясының шоттарын бұғаттау туралы үкім шығарғаны белгілі. Сондай-ақ мұнда X платформасының жұмысы да тоқтатылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!