Болат Бекнияз су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
© Сурет: primeminister.kz
Болат Бекнияз ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің сайтынан белгілі болды.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бекнияз Болат Қабыкенұлы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бірінші вице-министрі қызметінен босатылды", – делінген дүйсенбіде жарияланған хабарламада.
Өз кезегінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Болат Бекнияздың гидрогеология және су шаруашылығы саласында 40 жылдан астам еңбек еткенін атап өтті.
Еңбек жолын 1984 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы Қ.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтында Еңбек Қызыл Ту орденді инженер болып бастады.
Осы жылдар ішінде Геология және жер қойнауын қорғау комитетінде, Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитетінде, "Еуразиялық су орталығы" АҚ-да және Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығында басшылық қызметтерді атқарған. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары және Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының директоры болды.
География ғылымының кандидаты. 2024 жылдың қазан айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Бекнияз "Құрмет" орденімен марапатталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:09, 19 желтоқсан 2025
Альпі тауының етегінде салынатын зәулім ғимарат жобасы таныстырылды
-
12:57, 19 желтоқсан 2025
Пандемия басталуы мүмкін: вирусологтар жаңа кезеңге дайындалуда
-
12:44, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір күнде екі тұрғын суицид жасады
-
12:39, 19 желтоқсан 2025
ІІМ: Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданудың 90 дерегі анықталды
-
12:24, 19 желтоқсан 2025
Елордада полицейлер тұрғынның көлігінен ірі көлемде гашиш тәркіледі





