Бокс 2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енді! Головкин мәлімдеме жасады
© Сурет: olympic.kz
Грекияның Коста-Наварино қаласында өткен Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты қосу туралы шешім қабылдандығ деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында Томас Бах ХОК-nің құрметті президенті болып өмір бойына сайланды.
“ХОК-нің боксты Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына қосу туралы шешімі – World Boxing пен бүкіл Олимпиада комиссиясының мақсатты жұмысының көптен күткен нәтижесі. Бұл – мыңдаған спортшының арманын сақтап қалу деген сөз. Мен Олимпиада ойындарының жүлдегері ретінде мұның болашақ буын спортшылары үшін қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Олимпиада – жай ғана жарыс емес, бұл – үміттің символы, шеберлікке ұмтылу және әлемге өзіңді көрсету мүмкіндігі. Біз бокстың бай тарихы мен дәстүрін Олимпиада бағдарламасында сақтау үшін қадам сайын еңбек еттік. Әрбір жас спортшы өз елінің туын желбіретіп, Олимпиада тұғырына көтеріле алуы тиіс. Алда әлі көп жұмыс күтіп тұр, біз бұл жауапкершілікті толық сезінеміз. World Boxing әділ төрешілік пен спортшыларды іріктеу үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бар күшін салады”, – деді Олимпиада комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин.
Сондай-ақ, Геннадий Головкиннің айтуынша, World Boxing бұрынғыдай ашықтық пен әділдік қағидаларын ұстанып, әрбір боксшының тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге баса назар аударады.
Бастапқыда бұл спорт түрі 2022 жылдың ақпанында 2028 жылғы Олимпиада ойындарының жарыс бағдарламасынан шығарылған еді.
Бұл шешім Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) төңірегінде туындаған мәселелерге байланысты қабылданған. 2023 жылдың маусымында ХОК IBA-ның ресми мойындауын толықтай қайтарып алғаннан кейін, бокстың Олимпиададағы болашағы белгісіз болып қалған еді.
2024 жылғы Париж Олимпиадасында бокс жарыстары ХОК-нің арнайы жұмыс тобының қадағалауымен өтті, бұл спорттың Олимпиадалық қозғалыс үшін маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Олимпиадалық бокстың жаңа даму кезеңінде басқару 2023 жылы құрылған World Boxing Халықаралық бокс федерациясына жүктелді. Қазіргі таңда бұл ұйымға 84 ұлттық федерация мүше. Жуырда World Boxing ХОК-тен уақытша мойындау алып, әлемдік деңгейде боксты дамыту құқығына ие болды.
Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясы 2024 жылдың қараша айында World Boxing құрамына кірді.
2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасы 14-30 шілде аралығында өтеді.
Бұған дейін фристайл-могулдан Әлем чемпионатында Қазақстан үздік ондық қатарынан көрінгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 22 наурыз 2025
«Қар жауады, найзағай ойнайды». Еліміз бойынша 23 наурызға арналған ауа райы болжамы
-
17:23, 22 наурыз 2025
Польшада Dimash радиосы Наурыз мейрамында мерекелік хабар таратты
-
16:49, 22 наурыз 2025
LRT құрылысына байланысты елорда тұрғындарына қосымша ескерту жасалды
-
16:31, 22 наурыз 2025
Еуразиялық банк пен ERG компаниялар тобының егесі Александр Машкевич дүние салды
-
15:59, 22 наурыз 2025
Трамп әлемдегі ең қымбат атқыш ұшақты жасап шығуға тапсырыс берді
Танымал жаңалықтар
-
19:32, 21 наурыз 2025
-
21:59, 21 наурыз 2025
-
20:42, 21 наурыз 2025
-
19:10, 21 наурыз 2025
-
20:58, 21 наурыз 2025
-
21:44, 21 наурыз 2025
-
18:46, 21 наурыз 2025
-
22:20, 21 наурыз 2025
-
22:54, 21 наурыз 2025
-
18:30, 21 наурыз 2025
-
09:18, 22 наурыз 2025
-
10:26, 22 наурыз 2025
-
10:14, 22 наурыз 2025
-
11:34, 22 наурыз 2025
-
09:31, 22 наурыз 2025