БҚО-дағы автосалондардан бірқатар бұзушылықтар анықталды
© Сурет: pexels
Оралдағы автосалондарға Батыс Қазақстан облысының тұрғындары жаппай шағымдануда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тұтынушылар автокөліктерді сатып алу кезінде қосымша тауарлар мен қызметтерді қоса сатып алуға мәжбүр болғандарын айтады, деп жазады "Мой город"
"Мәселен, бір жағдайда тұтынушыға автосалон өкілдері 200 000 теңгеге қосымша жабдық сатып алған жағдайда ғана көліктің сатылатынын айтқан. Басқа бір жағдайда, әйел адам автокөлікті жөндеу кезінде автокөлік қызметінен бөлек қосалқы бөлшектер сатып алуға мәжбүр болған".
Өңірдегі Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 8-1-бабына сәйкес, қосымша өзге заттарды сатып алуға мәжбүрлеу тұтынушылардың құқықтарын бұзатынын еске салады.
Сондай-ақ, Заңның 28-бабына сәйкес, сатушы тауарлардың, қызметтердің еркін таңдауын ұсынуға міндетті және қажет емес заттарды немесе қызметтерді сатып алуға мәжбүрлей алмайды. Бір тауарды сатып алу арқылы екіншісін міндеттеп сатуға тыйым салынады.
"Мұндай әрекеттер тұтынушылардың құқықтарын бұзады. Сатушы еркін таңдауды қамтамасыз етуге және қажет емес заттарды сатып алуға мәжбүрлемеуге міндетті. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа тауарларды немесе қызметтерді сатып алуды міндеттеуге тыйым салынады", – деп атап өтті ведомстводан.
Осындай жағдайға тап болған сатып алушыларға олар шығындарды өтеу туралы талап қоюға құқылы екені ескертіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:58, 16 наурыз 2026
Қазақстанда референдум қалай өтті - ТМД бақылаушыларының пікірі
-
13:44, 16 наурыз 2026
ІІМ 15 жастағы жасөспірімді іздеп жатыр
-
13:33, 16 наурыз 2026
Еліміздегі су қоймаларынан су ағызу жүргізілуде
-
13:28, 16 наурыз 2026
«Ата-анаңның үмітісің»: Жұлдыз Әбдікәрімова желіні жазбасымен сүйсіндірді
-
13:13, 16 наурыз 2026
Қарағандыда қызметтік иттің көмегімен «синтетиканың» ірі партиясы тәркіленді





