БҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тауып, алтауы зардап шекті

11:01, 26 ақпан 2021

© Сурет: inform.kz

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметі ҚазАқпарат-қа оқыс оқиға 26 ақпан күні Ақжайық ауданы аумағында болғанын жеткізді.

Сағат 03.29-да Атырау-Орал жолының 259-шақырымында Атамекен ауылынан 10 км жерде екі "Тойота Камри" автокөлігі соқтығысты.

Соның салдарынан екі көліктегі 4 жолаушы көз жұмып, алты адам Тайпақ ауылындағы ауруханаға жеткізілді, делінген хабарламада.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің нақтылауынша, ауа райының нашарлауына байланысты аталмыш бағыттағы күре жолды 26 ақпан күнгі сағат 00.00-ден бастап жабу туралы шешім қабылданған болатын. Алайда такси жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Соның салдарынан екі көліктің бетпе-бет түйісуіне жол берген. Оның полиция қызметкерлерінің талабына бағынбағаны жөнінде бейнежазба бар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!