БҚО-да «Семей» күзет кемесі жолға шықты

© Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында "Айбар" жобасы аясында "Семей" күзет кемесін Жайық өзеніне жіберу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салтанатты іс-шараға арнайы келген облыс әкімі Нариман Төреғалиев жиылғандарды ерекше күнмен құттықтады.
"Бүгін біз үшін – ерекше күн. Дәл қазір Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне жөнелтілгелі тұрған "Семей" күзет кемесі – мемлекеттік шекараны күзетуге және қорғауға арналған. Осының арқасында заңсыз кеме қатынасына, контрабандалық операцияларға, рұқсатсыз балық аулау, шекараны заңсыз кесіп өту және т.б қауіп-қатерлерге кеме арқылы тосқауыл қойылады." БҚО әкімі Нариман Төреғалиев

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
"Семей" кемесі облыс орталығында орналасқан, тарихы терең "Зенит" зауытында жасалғаны – зор мақтаныш. 1941 жылы құрылған бұл зауыт еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясының құрамына еніп, бүгінгі таңда отандық қорғаныс өндірісінің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының біріне айналды, – деді облыс әкімі.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде "Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету – мемлекетіміздің басты басымдығы", – деп қорғаныс қабілетінің маңыздылығын үнемі атап өтеді. Бұл бағытта өңірде біраз жұмыс атқарылуда. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қызмет атқаратын "Семей" күзет кемесіне сәтті сапар тілейміз! Ал Зенит зауытының ұжымына ел игілігі жолындағы табанды еңбегі үшін алғыс білдіреміз", – деп атап өтті облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар, "Зенит" зауыты теңіз шекарасын күзетуге арналған "Сұңқар", "Бүркіт", "Барыс" сияқты бірқатар кемелер мен қайықтарды жасап шығаруда.
Бұл – еліміздің әскери-өнеркәсіптік әлеуетінің артып, отандық өндірістің нақты жетістіктерге жетуіне ықпал етуде.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, "Зенит" зауытында 1993-2024 жылдар аралығында республиканың қауіпсіздік құрылымдары үшін 36 қайық пен кеме жасалып, пайдалануға берілген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 13 маусым 2025
Мағжан Шамшадин дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шықты
-
18:00, 13 маусым 2025
Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды
-
17:40, 13 маусым 2025
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жаңа қызметке тағайындалды
-
17:25, 13 маусым 2025
Дзюдодан әлем чемпионаты: Мағжан Шамшадин Олимпиада жүлдегерін ұтты
-
17:15, 13 маусым 2025
Алматы облысында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді