БҚО-да Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
© Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті қоғамға – шыншыл сөз" атты кітабын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, қоғам және мемлекет қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді БҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақытжан Атауов жүргізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ел дамуының өзекті бағыттарын қамтитын еңбектің мазмұнын талқылау, кітапта көтерілген мәселелердің қазіргі қоғам үшін маңызын саралау.
Жиында сөз алған қатысушылар кітапта мемлекет дамуы, ұлттық мүдде, тәуелсіздікті нығайту, заң мен тәртіп, қоғамдық диалог және азаматтық жауапкершілік мәселелеріне ерекше мән берілгенін атап өтті.
Тарих ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті Жаңабек Жақсығалиев Мемлекет басшысының тарихи үдерістерге қатысты ұстанымдарына тоқталып, кітаптағы ой-тұжырымдардың елдің саяси және қоғамдық дамуымен сабақтастығын атап өтті.
Ал Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Әсет Тасмағамбетов еңбектегі мемлекет құру және қоғамдық жаңғыру мәселелеріне қатысты пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстел барысында ақын, жазушы, қоғам қайраткері Дариға Мұштанова, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Әліби Баяхов және Батыс Қазақстан облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Закир Хамзин де өз ойларын білдірді.
Қатысушылар әсіресе қазіргі ақпараттық кеңістікте сөз мәдениеті мен айтылған пікірге жауапкершіліктің маңызы арта түскеніне назар аударды. Әлеуметтік желілер мен цифрлық коммуникация дәуірінде кез келген пікірдің қысқа уақыт ішінде кең аудиторияға таралуы қоғам мүшелерінен жоғары жауапкершілік пен мәдениетті талап ететіні айтылды.
"Әділетті қоғамға – шыншыл сөз" кітабында Мемлекет басшысының отыз жылдан астам уақыт ішінде қалыптасқан саяси және азаматтық ұстанымдары, мемлекет басқару тәжірибесі, ұлттық құндылықтар мен қоғам дамуына қатысты пайымдары жинақталған.
Кездесу соңында қатысушылар кітаптағы ойларды кеңінен насихаттау, жастар арасында қоғамдық жауапкершілік пен заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық диалогты одан әрі дамыту бағытында пікір алмасты.
Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар кітаптың қазіргі қоғам үшін өзекті мәселелерді түсінуге және елдің болашақ даму бағдарларын пайымдауға мүмкіндік беретін маңызды еңбек екенін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:24, 2 қыркүйек 2026
1 қыркүйекте Астанада, Алматыда, Шымкентте ауа райы қалай өзгерді: 50 жыл бұрынғы мәліметтер
-
17:10, 2 қыркүйек 2026
Алматыда жеке үйдің дәретханасынан ер адамның денесі табылды
-
16:58, 2 қыркүйек 2026
Ұлттық банктегі қызметке тағайындау тәртібі өзгерді: жаңа талаптар кімдерге қатысты
-
16:52, 2 қыркүйек 2026
ШҚО тұрғыны үйінде заңсыз қару-жарақ сақтаған
-
16:49, 2 қыркүйек 2026
Бір айда 5588 адам ұсталды: ҰҚК Қазақстан шекарасындағы жағдайды баяндады









