Биыл 132 мыңға жуық адам ҰБТ тапсырады
Биыл елімізде 132 мыңға жуық адам Ұлттық бірыңғай тестін тапсырады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
"ҰБТ биыл 17-рет өткізілетін болады. Осы кезең аралығында тестілеуге 2 миллионға жуық адам қатысып шықты. 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет: қаңтар, наурыз, тамыз айларында өткізілуде. Биыл ҰБТ форматы өзгерген жоқ. Барлығы 5 пән, 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде өткізіледі. Барық тест тапсырмаларының саны - 120, максималды балл - 140. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 15 сәуірден 10 мамырға дейін жүргізілді", - деді министр.
Оның атап өтуінше, осы жылы өтініштерді қабылдау алғаш рет онлайн форматты өтті. Тек Интернеті жоқ өңірлердің түлектері үшін дәстүрлі форматта құжаттар тапсыру мүмкіндігі берілді.
"Жалпы биыл мектеп түлектерінен тестілеуге қатысу үшін 111 109 немесе 82 пайыз өтініш тапсырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға немесе 15 мыңға жуық адамға көп. Сондай-ақ, алдыңғы жылдарда мектеп бітірген түлектерді қосқанда барлығы биыл 131 755 адам тест тапсыратын болады!, - деді Асхат Аймағамбетов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:44, 27 сәуір 2024
ІІМ: «Ақтөбе» футбол командасының жанкүйерлері жауапқа тартылды
-
09:30, 27 сәуір 2024
Елімізде медициналық қызметтердің тарифтері қайта есептеледі
-
09:19, 27 сәуір 2024
Атырау қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді
-
09:12, 27 сәуір 2024
ҚР аумағына сырттан тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салынды
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды