Бишімбаевтың сот отырысына ресейлік танымал журналист Ксения Собчак ұшып келді
© Сурет: Instagram/xenia_sobchak
Танымал ресейлік журналист Ксения Собчак Астанаға азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жүргізіліп жатқан сот отырысына арнайы ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тілші не болып жатқанын тікелей сот отырысы өтетін залда бақылайды.
Сурет: бейнежазба скриншоты
Ксения Собчактың фотосуретімен және отырыстың өзге де қатысушыларымен Жоғарғы соттың баспасөз қызметі бөлісті.
Сурет: Жоғарғы Сот баспасөз қызметі
2024 жылдың 4 сәуірінде Собчак Қазақстаннан тыс жерлерде де талқыланып жатқан атышулы іске өз пікірін айтқан болатын.
"Маған Қазақстанда әйелін өлтірген бұрынғы Ұлттық экономика министрінің сотта (және қоғамда) қалай қатты басылғаны ұнайды. Менің ойымша, бұл жақын арада бұрынғы ТМД-ның ең прогрессивті елі болады".
Экс-министрдің ісі елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр және судья болып осы соттың төрағасы Айжан Құлбаева тағайындалды. Күдікті ретінде Қуандық Бишімбаев пен оның ағасы Бақытжан Байжанов айыпталуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 3 мамыр 2024
Imanbek ҚР Президенті күзеті қызметіне арналған бейнебаянның аранжировкасын жасады
-
22:30, 3 мамыр 2024
Ақтөбені қара түтінге бөккен алапат өрт сөндірілді
-
22:22, 3 мамыр 2024
Қырғыз Президенті балмұздақ таситын көлік қаққан 10 баланы Бішкекке жеткізуді тапсырды
-
21:29, 3 мамыр 2024
«Газ баллонын шаша салды». Астанада автобустағы агрессивті жолаушы видеоға түсіп қалды
-
21:18, 3 мамыр 2024
«DamuBala» бағдарламасы: Шымкентте қос басқарманың бұрынғы басшылары жауапқа тартылды