«Біріне екеуі көмектеспек болған». ШҚО-да үш адам суға батып, көз жұмды
© Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл ауданында үш адам суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 маусымда Қара Ертіс өзеніндегі Боран ауылынан 5 шақырым қашықтықта 18 жастағы жігіт суға батып кетті.
"Оған 1991 және 1992 жылы туылған екі адам көмектесу үшін суға түскен, бірақ ағымға қарсы тұра алмаған олар да бақилық болды. Оқиға орнында және ШҚО ТЖ департаментінде жедел штабтар құрылды. 2007, 1991 және 1992 жылы туылған суға батқан адамдардың денелерін көп ұзамай құтқарушылар тапты. Іздеуге Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының құтқарушылары, полицейлер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар мен шекара қызметі қатысты", делінген ведомство хабарламасында.
Іздеу жұмыстарына барлығы 176 адам,15 жүзу құралы, 3 ұшқышсызұшу аппараты, су астындағы дрон, 1 эхолот жұмылдырылды.
Бұған дейін 2025 жылы 9 маусымда Ақтауда екі оқушы бала суға батып, оның тек біреуін құтқарушылар аман алып қала алғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 18 желтоқсан 2025
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
-
17:51, 18 желтоқсан 2025
Тоқаев Хироши Микитаниді қабылдады
-
17:49, 18 желтоқсан 2025
Қазақстан мен Қатар еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастықты растады
-
17:33, 18 желтоқсан 2025
Абай облысында мас жүргізуші полицейлерден қашпақ болды
-
17:20, 18 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: спринтте үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді





