«Birgemiz» деген қор Қазақстанның мегаполистеріне 5 млн маска жеткізеді

21:09, 1 сәуір 2020

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымын ескере отырып, ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоғамдық қоры "СК-Фармация" операторымен 5 млн масканы сатып алу жөніндегі шартқа қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы көлемнен тегін маскалар халықтың әлжуаз топтарына — жалғыз тұратын қарттарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға, ҰОС қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға, тыл еңбеккерлеріне, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға күтім жасап отырған адамдарға берілетін болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!