«Біреуі – мектеп түлегі, екеуі – студент». Ақтөбеде үш адам суға батып кетті
© Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде соңғы екі тәулікте үш адам суға батып кетті. Үш жағдайда да адамдар рұқсат етілмеген жерде шомылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан ұлттық телеарнасының мәліметінше, 17 жастағы бозбаланың денесі Қарғалы өзенінен,1,5 метр тереңдіктен табылды. Оның шаһардағы мектептердің бірінің жоғарғы сынып оқушысы екені белгілі болды.
"Ал кеше бір мезетте тағы екі адам дәл осы өзенге батып кетті. Олардың екеуі де студент. Біріншісінің денесін құтқарушылар алып шықса, екіншісін ұзақ іздеуге тура келген. Оны еріктілер тауып алды", делінген хабарламада.
Құқық қорғаушылар күнделікті рейдтік шараларды күшейтіп жатыр.
Жағалауда үлкендердің қарауынсыз жүрген және арнайы орындардан тыс жерлерде шомылған балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:18, 19 желтоқсан 2025
Оралда заңсыз сатылған автокөлік иесіне қайтарылды
-
19:01, 19 желтоқсан 2025
Қарағандыда есірткіні жасырын қойып кетуші қылмыс үстінде қолға түсті
-
18:51, 19 желтоқсан 2025
Армения азаматы Орал – Алматы рейсінде темекі шеккені үшін ұсталды
-
18:46, 19 желтоқсан 2025
Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогы кезеңіндегі спринтте өнер көрсетті
-
18:32, 19 желтоқсан 2025
Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері





