Бір несиені жабу үшін екінші рет несие алған: қазақстандық сот арқылы банктер алдындағы қарызын реттеді
© Фото: unsplash
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны банктерге 14 миллион теңгеден астам қарыз болып, қаржылық жағдайын жеңілдету үшін сотқа жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған өтінішті Ақжайық аудандық соты қарады. Әйел төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануды сұраған.
Облыстық соттың 2026 жылғы 2 қарашада хабарлауынша, іс материалдарына сәйкес, өтініш берушінің кредиторлар алдындағы жалпы берешегі 14 миллион теңгеден асқан.
Сот отырысында анықталғандай, әйел 2019 жылдан бастап жұбайының емделуіне ақша төлеу үшін несие рәсімдеген. Кейін оның емін жалғастыру мақсатында да қарыз алуға мәжбүр болған. Бұрын алған несиелерін уақытында өтеуге мүмкіндігі болмағандықтан, әйел ай сайынғы төлемдерді жабу үшін жаңадан несие рәсімдеген. Соның салдарынан оның қарыз жүктемесі айтарлықтай артқан. Ай сайынғы төлем мөлшері өтініш берушінің табысынан асып, берешегі көбейген. Нәтижесінде ол өз мойнына алған қаржылық міндеттемелерін өз бетінше орындау мүмкіндігінен айырылған.
Іс материалдарын зерделеген сот өтінішті қанағаттандыруға негіз бар деген қорытындыға келген. Сот шешімімен әйелге қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі қолданылды.
Соттың түсіндіруінше, бұл рәсім азаматтың қарыз міндеттемелерін реттеуге және заңда көзделген тәртіппен қаржылық тұрақтылығын қалпына келтіруге бағытталған. Заңда белгіленген негіздер болған жағдайда, ол банкроттық рәсімін қолданбай-ақ кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындау тәртібін айқындауға мүмкіндік береді.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:32, 2 қараша 2026
Астанаға 31 қарағайды құжатсыз алып бара жатқан ер адам ұсталды
-
18:25, 2 қараша 2026
Тоқаев Qarmet-тің бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады
-
18:07, 2 қараша 2026
Қазақстанда келесі жыл жаппай құрылыс жылы болады
-
17:52, 2 қараша 2026
Тоқаев: Жыл соңына дейін елдің жалпы ішкі өнімінің көлемі 398 миллиард долларға жетеді
-
17:41, 2 қараша 2026
Анатолий Руденко жүзуден жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты





