Еуропа елдерінің бірінде ауқатты азаматтарға қосымша салық салу ұсынылды
© Фото: Zakon.kz
Италия үкіметі 2027-2029 жылдарға арналған бюджет жобасын парламентке ұсынды. Құжатта салық резиденттігін өзгертетін ауқатты азаматтарға 26% мөлшерінде салық енгізу қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az басылымының жазуынша, салық мөлшерлемесі Италияда тұрған кезеңде жинақталған капитал өсімі мен өзге де қаржылық кірістерге қолданылады.
Бұл шара қаржылық активтерінің құны 800 мың еуродан (406 млн 104 мың теңге) асатын жеке тұлғаларға, серіктестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарға қатысты болады. Сонымен қатар олар соңғы 10 жылдың кемінде алты жылында Италияның салық резиденті болуы тиіс.
Бұл бастама актив иелерінің оларды сатпай тұрып салық резиденттігін өзгерту арқылы Италияда тапқан табыстарына салық төлеуден жалтаруына жол бермеу мақсатында ұсынылып отыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:22, 2 қараша 2026
Қытайда жасанды интеллект көмегімен түсірілген алғашқы фильмнің сатылымы сәтсіз болды
-
13:53, 1 қараша 2026
Польшада мемлекеттік төңкеріс бола жаздады
-
11:37, 1 қараша 2026
Binance биржасын «бұзып», 6 млрд долларды үптеп кеткен кім - Трамптың пікірі
-
12:51, 31 қазан 2026
Польшада мемлекеттік төңкеріс болды ма, әлде саяси дағдарыс па
-
12:57, 30 қазан 2026
Кеңес әскери формасын киген бала Трамппен кездесуге Ақ үйге келді





