Бір ай бұрын шұңқырға түсіп кеткен ақтөбеліктің денесі табылды
Ақтөбеде шұңқырға түсіп кеткенін хабарлағаннан кейін жұрт ұзақ іздеген Кенжебай Алдашевтың денесі бүгін табылды. Еріктілер бір ай бойы іздеу жүргізіп, Ақшат ауылы маңындағы шұңқырдан 54 жастағы ер адамның денесін алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Іздеу жұмыстарына қатысқан еріктілер жарты сағат бұрын шұңқырдан Кенжебай Алдашевтың денесін тапты. Ол өзі хабарлағандай, Ақшат ауылы маңындағы шұңқырдан табылды. Еріктілер 10 қарашадан бастан күні бүгінге дейін күн сайын іздеуге шықты. Біздің іздеу тобымызда 30 ерікті бар. Әр күні 3, кейде одан да көп адам қатарымызға қосылды», - дейді Ақтөбедегі іздеу еріктілер тобының жетекшісі Екатерина Голотина.
Айта кетейік, 54 жастағы Кенжебай Алдашев өзінің шұңқырда екенін айтып, көмек сұраған болатын. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі мен полиция, еріктілер, тума-туыстары қосылды. Ал отбасы тауып берген адамға сыйақы тағайындаған болатын.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:03, 9 мамыр 2024
Түркістанда Жеңіс күні атап өтілді
-
17:42, 9 мамыр 2024
Роскосмос ҰОС батырларына арналған ескерткіштердің спутниктік фотосуреттерін жариялады
-
17:11, 9 мамыр 2024
Ресейде танымал рэпер Оксимиронға іздестіру жарияланды
-
17:00, 9 мамыр 2024
Жеңіс күнінде ҰОС батырларының ерлігін есте мәңгі сақтауға бағытталған пилоттық жоба іске қосылды
-
16:25, 9 мамыр 2024
Батыс Қазақстан облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады