Билл Гейтс те кітап жазды: Қайрат Нұртастың әйелі кім?
© Сурет: instagram.com
Жаза жаза ақын болдым, халқыма жақын болдым. Соңғы уақытта қоғамда, әсіресе әлеуметтік желіге жайғасқан виртуалды өмірде бүгінгінің жазушылары заңғар, классик авторларды ығыстырып барады. Мен қалай дәулетке қол жеткіздім, бақытқа жетудің пәленше жолы, Жетістікке жеті қадам, жұлдыздың бір күні деген сарындағы кітаптардан көз сүрінеді.
Қазір кітап жазу еңбектен көрі ермекке айналып кеткен жоқ па деген сұрақ жиі қойылады. Зейнетке шыққандар өзінің өмір жолын, аулын, әулетін, бабаларын түгендеп туынды жазуы соңғы жиырма жылда тұрақты үрдіске айналған. Оған әрине тиым жоқ, бірақ адамның емес атаның айналасынан шықпайтын туындысын бұлдап, жазушылар одағына мүшелікке ал деп қолқалайтындар да бар екен. Жә, оны да қойшы, әнші биші, эстрада жұлдыздары да жазушы боп алған осы күні. Айтпақшы оны өздері жаза ма деген сұрақтың да басы ашық.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Ақұштап Бақтыгереева, ақын:
Қазір біз кітабын сатып жүрген журналист, тіпті журналист емес қыз балаларды білеміз. Бір түнде миллионер болдым деп. Селкілдеп жүрген. Сол кітаптар қазір классиканы тасасында қалдырды. Тазалау керек әдебиетті.
Кім тазалайды? Мәдениет министрлігінің өзі кітап жазғыштармен жарысып шығарып жатыр. Жылына қыруар қаржы шығындап.
Анаргүл Жомартова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бас сарапшысы:
2020 жылы баспа саласы бойынша кітаптарды басып шығару бойынша 2 млрд 347 млн жуық ақша бөлінді. 2019 жылы 1 млрд теңгеден аса бөлінді.
Мемлекеттік тапсырыспен жылына 300-ден аса кітап басылады екен елімізде. Оған әркімнің өз қаржысына шығарған шедеврлерді қосыңыз.
Жұлдыз Абдукаримова, Қайрат Нұртастың жары:
Мен өзімді керемет жазушы деп есептемеймін. Әр адамның өмірін кітапқа жазуға болады.
Ләйля:
Оған мың мысал бар, мен Билл Гейтстің де кітабын көрдім. Ол да жазушы емес мысалы иә.
Қызық. Билл Гейтс кім, Қайрат Нұртастың әйелі кім?
Дәулеткерей Кәпұлы, ҚР Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры:
Біздің қазаққа біреудің өмірі қызық. Жеке бастың әңгімесі қызық. Біздің жұлдыздардың Баян Есентаева, Ләйлә Сұлтанқызының, тағы кім Айнұр Тұрсынбаеваның бір кітабын да оқып көрмедім. Бір екі әңгімесін тыңдадым, маған аса қызық емес. Жалпы бізді тобырлық сана билеп бара ма деп ойлаймын.
Сол тобырлық санадан арылтам деп жүрген тренерлер де өз өмірін кітап етіп жазып, саудалап жүр қазір.
Жеңіс Есенгелдин, бизнес тренер:
Мен бұл кітапты жазған себебім, бұл нәрсе менің ішіме сыймады. Не үшін мен бұл жолдан өттім. Біраз қателестім. Өзімнің ісімді таба алмадым. Мен ойладым, бәріне мүмкін менің айтқан сөзім жетпеуі мүмкін. Кітабым арқылы жетсе екен деген ойым болды.
Күміс кітап деген туынды шығарған Бақытжан Бұхарбек есімді автор "Абай жолын" оқу міндетті емес деп жазыпты. Дұрыс па, бұрыс па?
Ақұштап Бақтыгереева, ақын:
Біз соңғы жылдары әдебиетті шатастырып алдық әр нәрсемен. Классика деген әр нәрсенің негізі. Модернизмдер уақыта ағын су сияқты. Осы жылдың киімі сияқты. Еліктеу арқылы келеді. Бірақ бәрібір классика қалады.
Ал классика бүгінгі буынның, қазіргі заманның талабына жауап бере ала ма?
Қайсар Әлім, жазушы:
Мөлдір махаббаттан ешқандай, Бүркіт пен Батестің сезімі, оның өнегесін неге қабылдамасқа. Ботагөздегі махаббат мәселесін неге қабылдамасқа. Ақбілектің тап жауларын зардап шексе де кейін асыраған, жолдан тапқан баласына тәрбие беруі. Одан неге үйренбеске.
Қазіргі оқырманға кітаптағы кейіпкер, оның сезімі мен сенімі үлгі бола ма? Әлде жан дүниесіндегі жұмбақты шешіп, бойындағы комплексті, басындағы проблеманы жеңемін деп жүргендерге әдебиет емес, басқа жанрдағы кітап керек пе?
Жандарбек Бұлғақов, ақын:
Ораторлық өнерге қатысты бізде 90-шы жылдардан бері қарай кітап жоқ екен. Билер мен шешендердің , абыз ақсақалдардың әңгімесі жиналған кітаптар бар. Бірақ мына заманда, сауда саттықта, кәсіпте, көп адам бізге жазып жатады,ертең есеп беремін, ертең тойда сөйлеймін деп, сөз жазып бер деп қолқа салып жатады. Соның бәрін бір кітапқа ықшамдап халыққа ұсынып отырмыз.
Қазір тапсырыспен кітап жазып, табыс табатындар да көбейді. Кітап жазудан қариялар да қалысып жатқан жоқ.
Дәулеткерей Кәпұлы:
Пенсияға шыққан, таланты бар, бірақ кітап жазуға қолы тимеген ағайындарда көбейіп кетті. Әрине, отбасына, әулетіне естелік ретінде қалдыруға болады. Бірақ көркем әдебиет ретінде ұсынуға болмайды. Және 5-6 кітап жазып тастап, мені жазушылар одағына мүшелікке ал деп қинайтындар бар.
Кітап жазу ермек пе, еңбек пе?
Қазір ешкім кітап оқымайды деген сайын кітап жазатындар көбейді. Ал мәдениет министрлігінің тапсырысымен мемлекет қаржысына жыл сайын мыңдаған кітап шығады. Мысалы соңғы үш жылды алайық. 2018 жылы 800 мыңдай, 2019 жылы 600 мыңнан аса, былтыр 900 мыңға тарта кітап басылып шыққан. Бюджеттің ақшасына шыққан бұл туындылар сатылымға шықпайды. Тек кітапханаларға таратылады. Шыныменде кітапханаларға таратылып жатыр ма, жоқ па? Әлде қаржысы құжат бойынша игеріліп, есеп беріліп жүр ме? Бұл басқа мәселе.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:03, 3 желтоқсан 2024
Тоқаев One Water саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі
-
21:53, 3 желтоқсан 2024
Бейсембаев ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықтың қысқара бастағанын айтты
-
21:30, 3 желтоқсан 2024
Тоқаев Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
-
21:07, 3 желтоқсан 2024
Қызылордада өзгенің көлігін сатып жіберген алаяқ қолға түсті
-
20:49, 3 желтоқсан 2024
Өскеменде полицейді боқтаған әйел жазаланды