Білім министрі мектептердің латын қарпіне қашан көшетінін айтты
ҚР Парламенті Сенатынан тыс дәлізде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша қазақ тілінің латын әліпбиіндегі қателіктерді түзету жұмысы әлі жүргізіліп жатыр деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
Министр қазір ҚР Мәдениет және спорт министрлігі әліпбидегі кемшіліктерді жоюмен айналысып жатқандығын атап өтті.
- Пилоттық жоба болған соң түзетулер енгізіледі, ол сол үшін де пилоттық жоба, соны сүзгіден өткізіп тұжырымдар жасалады. Әрі қарай оны жетілдіре түсу үшін Мәдениет және спорт министрлігіне бұйрық берілді. Олар жұмысты аяқтаған соң біз емле ережесін, жалпы әліпбидің өзімен жалпы жұмыстар жүргіземіз, - деп түсіндірді ол.
Аймағамбетов әзірге мектеп оқушылары жаңа әліпби бойынша оқытылып жатпағанын да айтты.
- Президент әліпбиді пысықтауды бұйырды. Әзірленген және бекітілген қолда нұсқа жоқ, сондықтан 2020 жылы біз мектептерде латын қарпімен оқи бастаймыз деп айтуға негіз жоқ, өйткені бұл ұзақ процесс. Алдымен оны мақұлдау керек, содан кейін емле ережелерін түземіз, содан соң пилоттық жоба қолданысқа беріледі. Міне, содан кейін ғана біз тиісті дайындыққа кірісеміз, содан кейін ғана оқу-әдістемелік құралдар шығарыла бастайды. Бұл өте ауқымды жұмыс, соның бәрін тындырғаннан соң ғана латын әліпбиін мектептерге енгіземіз, - деп сөзін түйіндеді министр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады