Білім гранттарын тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізілді

12:18, 15 шілде 2026
MKZ: 1556220

© Фото: Zakon.kz

Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 7 шілдедегі бұйрығымен бакалавр немесе магистр дәрежесін бере отырып жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған білім гранттарын тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, енді бос қалған білім гранттарын тағайындау туралы шешімді Республикалық комиссия қабылдайды.

Атап айтқанда, бұл:

  • халықаралық келісімдер бойынша Қазақстанға келген шетел азаматтарына арналған конкурс қорытындысынан кейін бос қалған жоғары білім гранттары;
  • резервте көзделген жоғары білім гранттары;
  • жекелеген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (ЖЖОКБҰ) арналған жоғары білім гранттары.

Сонымен қатар қағидада жергілікті атқарушы органдардың білім гранттарын беру тәртібі де нақтыланды.

Енді комиссияның шешімі негізінде астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімінің немесе әкім орынбасарының бұйрығы шығарылады. Осыдан кейін талапкерлерге жергілікті атқарушы органның білім грантын тағайындау туралы куәлігі беріледі.

Жаңа бұйрық 2026 жылғы 25 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!