Тұрақтану туралы айтуға әлі ерте: Ұлттық банк инфляция деңгейіне қатысты пікір білдірді
© Фото: Zakon.kz
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 14 шілдеде өткен Үкімет отырысында еліміздегі инфляция деңгейіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жылдық инфляция тоғызыншы ай қатарынан төмендеп, маусым айында 10,3%-ды құрады.
"Бұған ақша-кредит саясатының біршама қатаң болуы, ең төменгі резервтік талаптарды арттыру арқылы ақша массасын басқару, алтын сатып алу операцияларын "айна қағидаты" бойынша жүргізу, сондай-ақ Үкіметтің инфляцияға қарсы қабылдаған шаралары мен тұтынушылық несиелеуді реттеуге бағытталған макропруденциялық шаралар негізгі әсер етті. Сонымен қатар инфляция әлі де екі таңбалы деңгейде қалып отыр. Сондықтан толық тұрақтану туралы айтуға әлі ерте. Маусым айындағы айлық инфляция 0,8% болды", – деді Сүлейменов.
Ол инфляцияны одан әрі төмендету үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тарифтерін, қызмет көрсету бағаларын және жанар-жағармай бағасын көтеру бағдарламасын бірқалыпты әрі бақылауда жүзеге асыру қажет екенін айтты.
"Бұдан бөлек, бюджетті шоғырландыру шараларын нақты іске асыру қажет. Яғни республикалық бюджет тапшылығының ұлғаюына және Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің көбеюіне жол бермеу керек. Сондай-ақ нарықты отандық тауарлармен нақты толықтыру арқылы квазифискалдық ынталандыруды тиімді жүргізу маңызды. Ал сыртқы тәуекелдерге геосаяси шиеленістің сақталуы және әлемдік азық-түлік бағасының өсуі жатады", – деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.
Бұған дейін Қазақстан арқылы өтетін автокөлік транзитінің көлемі артқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:41, 14 шілде 2026
Қант тапшылығы бола ма: Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаның қымбаттауына қатысты пікір білдірді
-
16:38, 14 шілде 2026
Пайдалы ақпарат: Бұл қызмет арқылы алаяқтар сіздің атыңыздан несие рәсімдей алмайды
-
16:25, 14 шілде 2026
Астанада көпқабатты үйдің жертөлесінде рұқсатсыз өткен концертке ондаған адам жиналды
-
16:02, 14 шілде 2026
Атыраудағы қанды қылмыс: сот айыпталушыға үкім шығарды
-
16:00, 14 шілде 2026
18 шілдеден бастап тауарлар мен қызметтерге берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді





