Алматыдағы LRT құрылысы кезінде асфальт астынан тарихи трамвай рельстері табылды
© Сурет: pixabay
Алматыда LRT құрылысы барысында тарихи құндылығы бар олжа табылды. Төле би көшесінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде асфальт астынан өткен ғасырдың трамвай рельстері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жаңалықты 15 шілдеде Instagram желісінде журналист, актер әрі сценарист Константин Козлов бөлісті.
"Кеше кешке көз алдымда нағыз қазына табылды. Тарих пен өлкетануға қызығатын адам ретінде бұл мен үшін үлкен олжа. Сөйтсем, 1930-1960 жылдардағы трамвай рельстері осы уақытқа дейін асфальт пен қиыршық тастың астында жатқан екен. Олар LRT құрылысы кезінде анықталды. Біз байқамай жүрген жерлерде тағы қанша тарихи жаңалық жасырынғанын кім білсін!" – деп жазды ол.
Константин Козловтың айтуынша, тарихи рельстер Төле би көшесінің Желтоқсан мен Абылай хан көшелерінің арасындағы учаскесінен табылған. Оның сөзінше, дәл осы жерде өткен ғасырдың 30–60-жылдары ескі трамвай бағыты жүрген.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл олжаға қызығушылық танытып, тарихи рельстерді сақтап қалуды ұсынды.
Олардың әрі қарайғы тағдырына қатысты сұрақпен редакция Алматы қаласының әкімдігіне жүгінген.
Еске салайық, Алматыда LRT құрылысы аясында Төле би көшесіндегі трамвай рельстерін демонтаждау жұмыстары көктемнің соңында басталған болатын. Жеңіл рельсті көліктің бірінші кезеңі Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – "Алматы-2" теміржол вокзалы бағытымен өтеді.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына байланысты қала көшелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп, кептелістер байқалуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:42, 15 шілде 2026
Сирек кездесетін қоңыр аюдың жабайы табиғатқа тигізер пайдасы қандай
-
13:37, 15 шілде 2026
Алматы – Қаскелең тасжолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі
-
13:28, 15 шілде 2026
Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды
-
13:16, 15 шілде 2026
Футболдан ӘЧ-2026: Мбаппе Францияның жартылай финалда неліктен жеңіліп қалғанын түсіндіріп берді
-
13:04, 15 шілде 2026
Алматыда арықтарды бетон плиталармен жабуға қатысты экологиялық тексеріс жүргізіліп жатыр





