Билік Expo 2020-ға жөнсіз ақша шашудан бұл жолы жүрексініп отыр

11:46, 28 қаңтар 2020

Дубайда өтетін Expo 2020 көрмесіне қатысуға бөлініп қойған қаражат көлемі қайта қарастырылуы қаншалықты мүмкін екені туралы сұраққа ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың жауап беруіне тура келді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Осы және басқа да сұрақтарды, әсіресе осы сұрақты біздің комиссия қарастырады. Бұл шығындардың тиімділігі, бізге не беретіні мен елге қаншалықты инвестиция тарта алатыны комиссияда қаралады. Егер комиссия бұл шығындардың тиімсіз болатынын дәлелдеп жатса, дұрыс шешім қабылданады. Жалпы, біз енді әрбір форумға бөлінетін ақшаның тиімділігін қарастыратын боламыз, - деді Дәленов үкіметте өткен баспасөз жиынында Дубайдағы көрмеге қатысты қойылған сұраққа берген жауабында.

Оның сөзінше, Дубайдағы Expo 2020 көрмесіне Қазақстанның қатысуы қаншалықты тиімді екенін сауда министрлігі дәлелдеуі тиіс.

Дубайдағы EXPO-ға Қазақстан неге 22 млн доллар шашады?


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!