Бердібек Сапарбаев желіде парақша ашып, жұрт оған лап қойды

22:36, 18 ақпан 2020

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев танымал әлеуметтік желілерде жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Құрметті жамбылдықтар! Халықпен тиімді кері байланыс орнату – ел басшылығының қойып отырған басты міндеттерінің бірі. Осы орайда, мен үшін облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерден хабардар болып отыру және соған орай жедел әрекет ете білу маңызды. Сіздермен ашық диалог орнату мақсатында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларымды ашуды жөн көрдім. Өздеріңізбен өңірдегі өзекті мәселелерді шешу жолында жан-жақты пікір алмаса отырып, сындарлы қоғамдық диалог орната алатынымызға сенімдімін. Біздің ортақ мақсатымыз – өмір сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізу, Жамбыл өңірін өмір сүруге және жұмыс істеуге барынша қолайлы мекенге айналдыру", - деп жазды ол өзінің алғашқы жарияланымында.

Бір тәулікке жетер-жетпес уақыт ішінде Сапарбаевтың Инстаграмына 5 мыңға жуық адам тіркеліп, ондағы алғашқы жазбасы астына өз мұң-мұқтаждарын тізбелеп, лап қойған. Олардың басым бөлігі - үй кезегінде, басқа да заңсыздықтарға қатысты әділетсіздікке ұшырап жүрген, ескі жолдың зардабын тартып жүрген және тағы басқа өңір азаматтары.

Жамбыл облысының әкімін Facebook желісінен Бердібек Сапарбаев, Instagram – saparbayev_bm арқылы табуға болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!