Белгілі журналист әйгілі Алакөл экологиялық апат алдында тұр дейді
Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz – Белгілі журналист Махат Садық бүгін әлеуметтік желідегі парақшасында әйгілі Алакөлдің апат алдында тұрғанын жазып, «Алакөлді апаттан арашалайық!», деп дабыл қақты.
«Алакөлдің қасиеті туралы өткен ғасырда ондаған мақала жаздым. Хабар, фильм жасадым. Ел игілігіне айналған қәзіргі кезде, Алакөлдің қасіретті күндері тумау үшін осы посты жариялап отырмын. Алакөлде демалған, баруды жоспарлаған достар барынша репост жасауды сұраймын! Алакөлді апаттан арашалайық!»,-деген журналист соңғы кезде көл маңындағы ахуалдың қиын екенін айтады. «Жыл сайын, кәсіпкерлер демалыс орындарын қаптатып салуда. Мұндағы бизнес жылдың екі айы ғана болғандықтан, салынған қаржының қайтарылымы ұзақ. Содан да, көп жағдайда санитарлық нормалар сақталмайды. Осы 20 жылда Алакөлде 10 миллиондай адам демалды. Міне, солардан қалған мусор мен туалет қалдықтары бүгінгі күнге дейін, 2-3 шақырым жердегі Қабанбай ауылының іргесіне төгілуде. 10 миллион емес 2 миллиондық Алматыда 2 тәулік мусор мен канализация істемесе, қандай эпидемия болатынын ойлай беріңіз. Өкініштісі, Алакөлдің Алматы облысына қарасты жағажайы да осындай жағдайда. Ауыл, аудан әкімдері мұны біліп тұрса да, облыс басшысына айта алмайды. (Мүмкін оған қаржы бөлініп, суға ағып жатқан болар, кім есептепті.) Содан да ащы ақиқатты жариялауды борышым санаймын,- деп жазады ол. Оның жазуынша көл жағасында тау болып үйілген күл-қоқыстар мен боқ-сі…ті ай сайын дүрілдеп соғатын атақты Ебі желі, Қабанбай ауылы мен Алакөлге қайтадан айдап әкеледі. Содан болар судың тұздылығы айтарлықтай азайған. Жыл сайын дертке дауа, жанға қуат беретін шипалылығы суалып бара жатқанын жергілікті тұрғындар да айтқан. «Жағдайды ары қарай ушықтырып, экологиялық апатты болдырмау үшін бюджеттен қаржы бөліп, бақылауға алынуы міндет. Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының Әкімдері осыны басты назарларына алуы қажет деп ойлаймын. 20 жыл бойы Алакөл осындай экологиялық залал-зардапқа төтеп беруде. Бірақ, қасиетті көлдің де аяусыз пайдаланушылықтан шарасыздыққа ушырауы әбден мүмкін», дейді журналист.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:54, 18 желтоқсан 2025
Павлодарда есірткіні магнит арқылы жасырған азамат ұсталды
-
12:46, 18 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген жаңа атаққа ие болды
-
12:36, 18 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
-
12:35, 18 желтоқсан 2025
Атом энергиясы агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітілді
-
12:24, 18 желтоқсан 2025
Жаңа жылдық құттықтау файлдары: ІІМ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды





