Бектенов жаңа министрге ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды

18:45, 6 мамыр 2024

© Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Жаслан Мәдиевті таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Олжас Бектенов жаңа министрге ведомство алдында тұрған маңызды міндеттерді белгіледі.


"ЦДИАӨМ-ге жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдану, ІТ-қызметтердің экспортын ұлғайту мақсатында табысты стартаптарды дайындау үшін қолайлы орта құру жұмысын жалғастыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырылды", делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін, 2024 жылғы 6 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа цифрлық даму министрін тағайындады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!