Бектенов Алматы қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды

© Сурет: primeminister.kz
Олжас Бектенов Алматы қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты.
Жиналыс барысында депутаттарға Мемлекет басшысының Алматы қаласының әкімі лауазымына екі кандидатты – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановты ұсыну туралы хаты оқылды.
Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 32 депутаттың 23-і Дархан Сатыбалдының кандидатурасына дауыс берді. Бейбіт Шахановтың кандидатурасын 9 депутат жақтады. ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.
Қала активімен кездесуде Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ерболат Досаевқа қаланың қаржы-экономикалық әлеуетін дамыту жөніндегі белсенді жұмысы үшін алғысын білдірді. 2024 жылы қаланың Қазақстанның ЖІӨ-ге қосқан үлесі 21,8%-ға дейін өсті. Мегаполисте Президенттің тапсырмасы бойынша бюджетті орталықсыздандыру, абаттандыру, жаңа әлеуметтік нысандар салу және т. б. жұмыстар жүргізілуде.
Олжас Бектенов Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдыны таныстырды.
Премьер-министр Мемлекет басшысының Алматы әкімдігінің алдына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және экономика құрылымын әртараптандыру, инженерлік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және қоғамдық кеңістіктерді кеңейту бойынша міндеттер қойылғанын атап өтті. Сондай-ақ, жол-көлік жүйесі, экология, өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT-сектор, креативті индустрия саласында тапсырмалар берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:46, 24 маусым 2025
Алматыда әйел адам көпқабатты үйдің балконынан құлап қаза тапты
-
23:41, 24 маусым 2025
Астанада вандалдар жаңа LRT вагондарына граффити салып кеткен: қылмыстық іс қозғалды
-
23:22, 24 маусым 2025
Үстел теннисі: Қазақстан Хорватиядағы WTT Contender турниріне қатысады
-
23:03, 24 маусым 2025
25 маусымда елдің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
22:57, 24 маусым 2025
Екібастұздағы балабақшада өрт шықты: 150 бала эвакуацияланды