Bek Air басшысы билет ақшасын қашан қайтаратындарын айтты
Bek Air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов жолаушыларға сатып алынған билеттердің ақшасын қашан қайтаратынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
- Оператордың сертификаты қалпына келтірілгенде, билет сату жүйесі іске қосылады, сол кезде біз кім билет сатып алды, кім оны ауыстырған, кім қайта өткізген – осындай тағы басқа мәліметтердің барлығын көре аламыз. Ал қазір түк көріп отырғанымыз жоқ. Апаттан кейінгі алғашқы күндердегідей алаяқтыққа жол бермес үшін де қазір біз ешнәрсеге қарамай ақшаны қайтара алмаймыз, - деді Жұмасұлтанов.
Бүгін авиакомпанияның Instagram-дағы парақшасында "техникалық қиындықтарға байланысты ақшаны қайтару мүмкін болмай жатқандығы" айтылған. "Бірақ ақша міндетті түрде қайтарылады" деп хабарлады олар. Ақшаны толығымен қайтарып алу үшін оны билетті сатып алған жерге хабарласу керек. Ал егер билеттер әуекомпанияның веб-сайты арқылы сатып алынған болса, онда ақшаны қайтару жөнінде callcenter@bekair.aero электрондық поштасына сұраныс жіберу керек.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады