«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің отырысында холдингтің 2019 жылғы инвестициялық саясаты мәселесі қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.
2019 жылы "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымдары экономиканың шикізаттық емес салаларының кәсіпорындарына жалпы сомасы 839 млрд теңгеге қолдау көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда қаржылық қолдау көлемі 123,8 млрд теңгеге немесе 17%-ға ұлғайды.
Экономиканың жеке секторын дамыту мақсатында 2019 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне немесе олармен үлестес заңды тұлғаларға жатпайтын 5 500 компания мен ұйымға 712 млрд теңге сомасында қолдау көрсетілді.
Холдингтің отандық экспорттаушыларды қолдауының арқасында өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 1 трлн теңгеден асты (2018 жылы – 750 млрд теңгеден асқан).
Сонымен қатар отырыста "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның 2020 жылдың екінші тоқсанындағы тәуекелдері жөніндегі есебі бекітілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:08, 26 сәуір 2024
Қошанов: Шыңжаң аймағы бізді Қытаймен байланыстырады
-
13:48, 26 сәуір 2024
Сәл болмағанда жарылыс бола жаздады: Алматының шығыс айналма жолындағы өрт
-
13:37, 26 сәуір 2024
Қырғызстанда шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды
-
13:09, 26 сәуір 2024
Ақтөбеде су тасқыны салдарынан екі көпір жүруге жарамсыз болып қалды
-
13:09, 26 сәуір 2024
Ақтөбеде су тасқынынан кейін екі көпір жүруге жарамсыз болып қалды