Батыс Қазақстанда құны 2,5 млрд теңге тұратын киік мүйізімен ұсталғандар сотталды

© Сурет: wikimedia
Батыс Қазақстанда құны 2,5 млрд теңге тұратын киік мүйізімен ұсталғандар сотталды. Былтыр шілдеде облыстың бір тұрғыны киік мүйізін жинап, сақтап, Ресейге өткізбек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол үшін жүк көлігі бар сыбайласына әр апарған рейсі үшін 500 мың теңге төлейтінін айтып, сөз байласқан, деп жазады qazaqstan.tv.
Екіншісі бұған келісіп, жүк көлігінің астына темір дәнекерлеп, жасырын қуыс жасаған.
Оған 1169 дана киік мүйізін тиеп, Самараға жолға шыққан бетте, полицияның қолына түскен.
Орал қалалық сотының үкімімен бірі 8 жылға, екіншісі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, мемлекетке келтірілген шығынды сотталғандардан өндіру жазасы тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:07, 7 тамыз 2022
Алматыда полицей мопед жүргізушісін жаяу қуып ұстады
-
20:06, 7 тамыз 2022
Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілердің суреттері жарияланды
-
17:50, 7 тамыз 2022
БҰҰ Бас хатшысы: Бүкіл әлем арсеналында 13 мыңға жуық ядролық қару бар
-
17:30, 7 тамыз 2022
Дзюдодан АЧ: Қазақстан құрамасы командалық есепте ІІІ-ші орынға ие болды
-
16:57, 7 тамыз 2022
Анталияда 4,1 балдық жер сілкінісі болды