Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

15:01, 24 тамыз 2024

© Сурет: Zakon.kz

Қайғылы оқиға 24 тамызға қараған түні Қазталов - Орал тасжолының Жалпақтал ауылының маңында болған. Қаза тапқандардың бірі Қазталов аудандық ішкі істер басқармасының бірінші орынбасары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіл көлік жол жиегінде тұрған шөп тиелген жүк көлігімен соқтығысты, деп жазды "Уральская неделя"

Басылым сілтеме жасаған дереккөздің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында Қазталов полиция басқармасының бірінші орынбасары, полиция майоры Мәрлен Қарабаев бар. Жол апатынан оның әйелі де көз жұмды. Ерлі-зайыптының артында бес баласы қалды.

Сондай-ақ көліктегі жолаушылардың сыныптастары екені белгілі болды. Салонда тағы бір ерлі-зайыпты болған. Олардың жеті баласы бар.

Батыс Қазақстан полициясы қайғылы оқиғаға түсінік берді:

"ГАЗ-3102" автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тұрған КАМАЗ көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі - кәмелетке толмаған бала".

Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Қайғылы оқиғадан полиция қызметкері мен оның жұбайы қаза тапты. Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!