Батыс Қазақстан облысында 5 мыңнан астам мал жұқпалы ауруға шалдықты
© Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысында киіктен пастереллез ауруы анықталды. Ал ақбөкен мекендейтін 4 ауданда мал жаппай белгісіз індетке шалдығып жатыр.
Облыстық Ветеринария басқармасының мәліметінше, Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов және Жаңақала аудандарындағы 22 ауылдық округтен 5 мыңнан астам ірі қараның ауырғаны анықталған, деп жазады qazaqstan.tv.
Сиырлардың ауыз қуысына бөртпе шығып, сілекейі көпіріп, әлсіреп жатыр.
Ауру малдан сынама алынып, зертханаға жіберілген. Әзірге қандай дерт таралғаны белгісіз. Бұған дейін Ақжайық ауданының үш ауылында тіркелген ауру малдан ринотрахеит инфекциясы анықталған болатын.
Сол секілдіқ, төрт аудандағы ауру киіктерден тағы 6 биоматериал алынып, Астанадағы Ұлттық референттік орталыққа жіберілді.
Мамандардың айтуынша, жыл басынан күні бүгінге дейін табиғи жағдайда өлген 3281 киік өртеліп, көмілген. Ал малға келген кеселдің киіктен жұғуы мүмкін екенін мамандар жоққа шығармайды.
"Аурудың себебі – атап кеткен 22 ауылдық округтен шыққан киіктердің жүрген жерінен шығып отырған жағдай. 5484 бас мал ауырды. Жазылғаны 3732 бас, яғни 70 %-н құрап отыр ауырған малдың. Қазір малды емдеу жұмысын ветеринария атқарып жатыр." Абзал Бралиев, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:32, 28 сәуір 2026
Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді
-
15:26, 28 сәуір 2026
Жасанды интеллект қазақстандықтарға бизнесті дұрыс ашуға көмектеседі
-
15:04, 28 сәуір 2026
Қазақстан мен Израиль президенттері Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
-
14:56, 28 сәуір 2026
Қазақстанда «Болашақ» стипендиясы өседі: мөлшері 10–15%-ға артуы мүмкін
-
14:43, 28 сәуір 2026
Маңғыстау облысында мопед жүргізушілеріне заң талаптары түсіндірілді





