«Басқа жақтікі...». Жылу құбыры маңына жаңа туған баланы тастап кеткен көкек ана табылды

10:51, 20 қаңтар 2020

Атырауда жылу желісінің маңына қалдырып кеткен жаңа туған нәрестенің анасы ұсталды. Ол 21 жастағы Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі мәлімет бойынша, ол жүктілігін жасыру үшін Атырауға арнайы келген, деп хабарлайды azh.kz.

- Күдіктіні 17 қаңтарда бейнебақылау камераға түскен бейнежазбалар арқылы тапқан. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 119-бабының 1-бөлігі "Қауіпті жағдайда қалдыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

Бұл бап 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 45 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Баланың ендігі тағдырын кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сот шешетін болады.

Айта кетсек, 15 қаңтарда таңертең Атырауда "Авангард-3" ықшам ауданында жергілікті тұрғын даладан орамалға оралған шақалақты тауып алды. Бала ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, қазір оның беті бері қараған. Қыз балаға оны аман алып қалған дәрігердің есімі берілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!