Бас мүфти баршаны ЛГБТ сынды арсыздықтың алдын алуға және одан сақтануға шақырды

© Сурет: muftyat.kz
Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі ЛГБТ жолындағыларға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бас мүфти "Түркістан" телеарнасына берген сұқбатында айтты.
"ЛГБТ ата-баба жолына қарсы дүние! Әлемде демократиялық моральдық принципін жамылған идеяологиялар белең алуда. Біз ешқашан өзгенің таным-түсінігімен өмір сүре алмаймыз. Сондықтан батыс елдерінен келген ЛГБТ және оған қатысты барлық жат түсініктер біздің асыл дінімізге де, ата салтымызға да қайшы деп білеміз. Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын): "Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелге ұқсағысы келген еркектерге және еркектерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты",– деген. Ендеше мұндай арсыздықтың алдын алуға және одан сақтануға шақырамыз", - дейді ол.
Айта кетсек, 2025 жылы 14 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы Ұлттық құрылтай отырысында ЛГБТ-ны да тілге тиек етті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:37, 22 сәуір 2025
ІІМ: Абай облысында қарағай көшеттерін ұрлау фактісі тоқтатылды
-
11:24, 22 сәуір 2025
Алматының солтүстік-шығысында жер сілкінісі болды
-
11:13, 22 сәуір 2025
Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі 22 сәуірдегі валюта бағамы
-
11:05, 22 сәуір 2025
Президент жазушы Әкім Таразидің отбасы мен жақындарына көңіл айтты
-
11:05, 22 сәуір 2025
Президент Әкім Таразидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады