Банк Қазақстанда лицензиясынан айырылды: салымшылар бұл жағдайда не білуі керек

12:15, 4 мамыр 2024

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорында (ҚДКБҚ) бүгін, 2024 жылғы 4 мамырда өз ақшаларын лицензиялары қайтарып алынған банктерде сақтаған салымшыларға тағы не білу керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорда мысал келтіріп, сақтандыру жағдайында депозиттерге кепілдік беру жүйесі қалай жұмыс істейтінін егжей-тегжейлі айтып берді.

"Сонымен сіз шетелде жүрсіз немесе бір алыс туысыңыздың сізге мұра қалдырғаны белгілі болды делік. Сіз осы мәселемен енді айналысар кезде банкіңіз аяқ астынан лицензиясынан айырылды да қалды. Соның салдарынан сіз депозитіңіз бойынша кепілді өтем алу мерзімін өткізіп алдыңыз. Соған қарамастан, салымыңызды қайтарып алуға болады"ҚДКБҚ баспасөз қызметі

Қалай қайтарып алуға болады?

Бірінші кезекте мына ақпаратқа назар аударсаңыз, таратылатын банктің салымшыларына өздерінің депозиттері бойынша кепілді өтем алуларына бір жыл уақыт беріледі. Бекітілген төлем мерзімі аяқталған соң, депозиторлардың талап етпеген өтем ақшалары олардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады. Егер салымшылар төлем мерзімін дәлелді себептерге байланысты өткізіп алған болса, ақшаларын қайтарып алуларына мүмкіндік бар. Дәлелді себептерге мына мән-жайлар жатады:

  • кепілді өтем төлеу барысында әскери қызметке кіру;
  • Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болу;
  • депозитордың мұрасын қабылдау және мұраны иемденуге немесе ашуға байланысты өзге де себептер;
  • бас бостандығынан айыру орындарында болу;
  • сот анықтаған өзге де мән-жайлар.

Жоғарыда аталған әрбір себеп құжат жүзінде расталуы тиіс. Біз бұған дейін әрбір тармақ бойынша қандай құжаттар керек екендігі туралы айтқан болатынбыз. Бұл туралы мына жерден оқып шығуға болады.

"Дәлелді себептер" бар болған жағдайда кепілді өтемді төлеуге өтінішті тікелей Қорға тапсыру қажет. Өтініштің нысаны Қордың ресми сайтында бар. Салымшы оны жүктеп алып, өз қолымен толтырып, дәлелді себептерді растайтын құжаттарды да қоса тіркейді. Сөйтіп құжаттар топтамасын Қордың мына төмендегі мекенжайларда орналасқан кеңселеріне тікелей апарып тапсырады:

  • Алматы қ., A15P5B5, Әйтеке би көшесі, 67, 3 қабат;
  • Астана қ., Z01А5АF2, Байқоңыр ауданы, Мәлік Ғабуддлин көшесі, 18, 1 қабат, №5 кеңсе.\

Егер салымшы қандай да бір себептермен өзі келе алмаса, құжаттар ҚДКБҚ-ның Алматы мен Астана қалаларындағы кеңселерінің пошталық мекенжайларына жолдай алады. Бірақ мұндай жағдайда салымшының өтініштегі қолы нотариалды жолмен куәландырылуы тиіс.

ҚДКБҚ салымшыдан өтініш пен растаушы құжаттарды алған күннен бастап, 5 жұмыс күні ішінде қарайды. Мақұлдаған жағдайда өтем ақшаны салымшының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады. Егер өтем төлеуден бас тартылса, ҚДКБҚ бас тарту себептерін толық көрсете отырып, салымшыға жазбаша хабарлама жолдайды және анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша ақыл-кеңес береді.

"Қазіргі уақытта тоғыз банкте тарату үдерісі жүргізіліп жатыр. Олар бойынша өтем төлеу 2022 жылы аяқталған. Тек дәлелді себептері бар салымшылар ғана өтем алуға өтініш бере алады".ҚДКБҚ баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: Ұлттық Банк "сақтандыру жағдайларын" пайдаланатын алаяқтардың жаңа схемалары пайда болғанын ескертеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!