Балық қорын қорғауға еріктілер атсалысады
Батыс Қазақстан облысында табиғат жанашырлары мемлекеттік мекемелерге көмекке келді.
Осыдан екі ай бұрын әуесқой балықшылардан құралған қоғамдық бірлестік ІІД-мен, балық инспекциясымен және табиғи ресурстар басқармасымен төртжақты келісімге қол жеткізді. Меморандумға сай, олар облыстағы табиғат пайдаланушыларды қадағалайды. Бүгінде өңірде 42 су қоймасы жалға берілген. Өкінішті бірақ көлді жалға алған кейбір азаматтар аэрация шараларына шабақ жіберуге шығындалғысы келмейді, тек пайда табуды көздейді. Бірлестік мүшелері сауда орындарын аралап, тыйым салынған балық аулау құралдарының сатылмауын қадағалайтын болады.
Валерий Савоськин, әуесқой балықшылар бірлестігінің төрағасы:
-Қытайдан келетін аулардың зардабы орасан. Арзан болған соң браконьерлер оларды бір рет пайдаланып, тастап кете береді. Шырматылған ауға оралған балықтар өліп, шіріп, зиянды заттар таратады. Қазір ескертумен шектелеміз. Болашақта сондай ау құралдары сатылды дегенді естісек, полицияға хабарлап, жауапкершілікке тартпақшымыз.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





