Балқаштағы жанып жатқан коллектордан ер адамның денесі табылды

12:59, 2 наурыз 2021

© Сурет: еf.ru

Балқаш қаласының өрт сөндірушілері жалынмен күресу барысында жылу коллекторынан ер адамның мәйітін тапты. Қазіргі таңда мамандар өлімнің себебін анықтап жатыр, деп хабарлады zakon.kz.

Таңертең Балқаш қаласының Ағыбай батыр көшесіндегі №17 үйдің тұрғындары жақын маңдағы жылу трассасынан түтін шығып жатқанын байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер коллектордан ер адамның денесін тапты.

"1 наурыз күні сағат 07:35-те Балқаш қаласының Ағыбай батыр көшесі №17 үйдің жанында жылу трассасының коллекторында 8 ш.м. алаңда қоқыс жанып кетті, өрт 07:52-де жойылды. Оқиға орнында ер адамның жанып кеткен денесі табылды. Өлімнің мән-жайы анықталуда. СМЭ тағайындалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!