Бала батыр: 10 жасар қазақстандық аяғындағы гипсіне қарамастан бір жасар бауырын жалын арасынан алып шықты

17:01, 2 шілде 2024

© Сурет: Ақмола облысы ТЖД

Көкшетауда 10 жасар батыр ТЖМ медалін алды. Артур Гаитов өртке оранған үй арасынан бір жасар бауырын алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзін батыр деп санамайды.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі болған оқиғаның егжей-тегжейін айтты.

Төтенше жағдай орын алған кезде, ол абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған, кейін бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен. Футбол ойнап аяғын жарақаттап алған ол сол кезде гипспен жүрген.

Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Акильжанов ҚР ТЖ министрінің жарлығымен 10 жасар батырға "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалін табыстады.

Бала батыр: 10 жасар қазақстандық аяғындағы гипсіне қарамастан бір жасар бауырын жалын арасынан алып шықты , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2024 17:01

Сурет: Ақмола облысы ТЖД

Айтпақшы, оқушы болашақта құтқарушы боламын деп шешті.

2024 жылғы 29 маусымда, сенбі күні Шығыс Қазақстанның облыс орталығында көпқабатты тұрғын үйді қалың түтін басып, 12 адам эвакуацияланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!