Бал айына ұшып бара жатқан жас жұбайларды ұшақ ішінде тонап кетті

13:22, 23 қыркүйек 2026
MKZ: 1568399

© Сурет: pexels

Ресейлік жас жұбайлар Ташкенттен Мальдив аралдарына ұшып бара жатқан кезде ұшақ ішінде ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru мәліметінше, ерлі-зайыптылар бал айына түнгі рейс арқылы Ташкенттен аттанған. Олар қол жүгін ұшақтағы жоғарғы сөреге қойған.

Әйелі ұйықтап жатқанда, күйеуі дәретханаға кеткен. Осы сәтте сөмкеден ақша ұрланған. Ұрылар доллардың орнына әртүрлі елдердің ұсақ купюраларын салып кеткен.

Отбасы ұрлыққа бортсеріктердің қатысы болуы мүмкін деп санайды, алайда олардың қолында бұған қатысты дәлел жоқ.

Ұшақ Мальдив аралдарына қонғаннан кейін турист полицияға және әуе компаниясының өкілдеріне жүгінген.

Ресейліктердің көбі құрбаны болған бұл айла-тәсіл бұрыннан белгілі: ұрылар өзімен бірге көп мөлшерде қолма-қол ақша алып жүрген туристерді анықтап, олардың ақшасын ұрлағаннан кейін орнына Лаос, Бразилия, Армения және басқа елдердің ұсақ купюраларын қалдырады.

Әуе компаниясы әзірге болған оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!